Велосипедті жеңілдікпен алатындар санаты көбейді
Елорда велосипедшілері үшін жақсы жаңалық! 1 шілдеден бастап жеңілдіктер ала алатындар саны көбейеді. Енді 50% жеңілдік тек студенттер, зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар адамдармен (3 топ) қоса, келесі санаттарға ұсынылады: Ұлы Отан Соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға; Ауған соғысы ардагерлеріне; Көп балалы аналарға; Көп балалы отбасыларға; Ерекше қажеттілігі бар балаларға, соның ішінде ата-анасының біреуіне (заңды өкіліне); Барлық топтағы мүгедектерге. Маңызды! Жеңілдік тек Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға беріледі. Абонементтің жеңілдікті ақысы: Маусымдық - 5 000 тг. Тоқсандық - 3 000 тг. Елордалық велосипед жалдау қызметтерін 16 жастан бастап пайдалануға болады. «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша жеңілдік мемлекеттік жәрдемақы алатын ата-ананың біреуіне беріледі. Сондай-ақ ол CTS жеңілдігі бар тұлғалар базасында болуға тиіс.