ЖИІ КОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Жүйе мүшесі ретінде қалай тіркелуге болады?

Тіркелу https://velobike.kz сайтында жүзеге асырылады. Егерде сіз 16 жастан асқан болсаңыз, онда тіркеу үшін сізден сәйкестендіру мәліметтеріңізді енгізуді және жария шарт талаптарын қабылдауңыз қажет.

 

Тіркеулік жазбаны қалай қосуға болады?

Тіркелгеннен кейін  https://velobike.kz  сайтындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, тіркеулік жазбаны (аккаунтты) іске қосуыңыз керек. Одан кейін жеке куәліктің фотосуретін және жеңілдіктің бар екендігін дәлелдейтін құжатты жүктеу қажет болады (жеңілдігі бар санатындағы азаматтар үшін). Модерация сәтті орындалған болса, сізге велосипедті жалға беру жүйесіне тағайындалған жеке ID мен PIN-код жіберіледі. Бұл ақпаратты хабарламада, жазбаларда немесе телефонның мекен-жай кітабында  сақтап қоюға кеңес береміз, өйткені ол велосипедті жалға алу кезінде қажет болады.

 

Ұзақ мерзімге жалға алған жоқпын, бірақ менен ақы алынды, бұл не себептен болуы мүмкін?

Велосипедті қайтарған кездеол дұрыс тұрақталмағандығынан болуы мүмкін. Осыған байланысты басқа адам оны дұрыс қойған сәтке дейін жалдау мерзімі жалғаса берген..

 

Бір уақытта ID бойынша екі немесе одан да көп велосипедтерді пайдалануға болады ма?

Жоқ, өйткені жүйені пайдалану шартына сәйкес, бір ID-мен бір ғана велосипедті пайдалануға болады.

 

Өзімнің сапарларымның тарихын көре аламын ба?

Иә, әр адам өз сапарларының тарихын көре алады. Ол үшін https://velobike.kz сайтындағы жеке кабинетке кіру керек.

 

Абонемент (жазылым) қанша тұрады?

Тарифтер бойынша барлық ақпарат келесі сілтемеде көрсетілген: https://velobike.kz/tarif

 

Жалға алу кезінде велосипед ұрланса, кім жауап береді?

Шартқа сәйкес жауапкершілік жалдаушыға (пайдаланушыға) жүктеледі.

 

Велосипед жолда бұзылып қалған жағдайда не істеу керек?

Пайдаланушы велосипед бұзылған жағдайда оны ең жақын жалға беру орнына (оны техникалық қарап тексеруді және жөндеуді жүзеге асыру үшін) қайтаруға міндетті. Ол жерден басқа велосипед алып, сапарын одан әрі қарай жалғастыра алады.

 

Назар аударыңыз! Велосипед жалға алу орнына қайтарылғанға дейін, сіз пайдаланушы болып табыласыз, яғни төлем жүреді.

 

Егер мен велосипедтің жалға алу ID немесе PIN  кодын ұмытып қалсам не істеймін?

Бұл ақпаратты https://velobike.kz сайтындағы жеке кабинетіңізден көре аласыз.    

 

Велосипедті жалға алған сайын тек 30 минут пайдалана аламын ба?

Жоқ, алғашқы 30 минут абонемент (жазылым) бағасына кіреді. Велосипедті 30 минут өткенге дейін қайтарып, келесісін ала аласыз. Осылай теңгерім жұмсалмайды. Ескеретін жайт, велосипедтерді алмастыру аралығы кемінде 30 секундты құрауы керек. Егер пайдалану уақыты 30 минуттан асып кетсе, белгіленген тариф бойынша қосымша уақыт үшін (30 минуттан көп) төлем алынады https://velobike.kz/tarif.

 

Жалға беру орны бос емес, яғни велосипедті қайтару мүмкін емес болса не істеу керек?

Жалға беру орны толық болған жағдайда, жалға алушы (пайдаланушы) велосипедті келесі жалға беру орнына жеткізуі тиіс. Велосипедтердің, бос орындардың болуы/болмауы туралы, сондай-ақ жалға алу пункттерінің орналасқан жері туралы ақпаратты  https://velobike.kz  сайтынан алдын ала қарап алуға болады.

 

Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бұзылу немесе кедергі болған жағдайда кімге хабарлауым керек?

Ондай жағдай туындағанда 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.

 

Велосипедпен жүру кезінде тәртіп бұзғаны үшін айыппұлды кім төлейді?

Айыппұлды жалдаушының (пайдаланушы) өзі өтейді.

 

Велосипедті пайдалану кезінде мен сақтандырылғанмын ба?

Жоқ, сақтандырылмағансыз. Барлық жауапкершілік жалдаушыға (пайдаланушыға) жүктеледі.

 

Басқа адамды немесе баланы велосипедке отырғыза аламын ба? Егер  «иә» болса, қай жастан?

Жоқ! Басқа адамды велосипедпен тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Велосипед тек бір адамға пайдалануға арналған.

 

Абонементті «тоқтатуға» немесе оны үшінші тұлғаға беруге бола ма?

Абонементті «тоқтату» немесе үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Велосипедті пайдалану ережеге сәйкес жалға алушыға жүктеледі.

 

Велосипедтерді жалға беру жүйесінің кестесі қандай?

Велосипедтерді жалға беру жүйесі тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Қалған балансты қалай тексеруге болады?

https://velobike.kz сайтындағы жеке кабинетте сіз өз балансыңызды, сапарлар тарихын және жүру қашықтығын бақылай аласыз.

 

Велосипедті ұзақ мерзім пайдаланған жоқпын, бірақ менен ақы алынды, не себепті?

Осындай жағдайды болдырмау үшін велосипедтің дұрыс қайтарылғанына көз жеткізуге кеңес береміз.  Велосипед дұрыс тұрақталмаса, пайдалану аяқталмайды, сол себепті жалдау тұраққа дұрыс қойылғанша жалғасады. Міндетті түрде «Возврат. ОК. До свидания!» деген хабарламаны күтіңіз. Сіздің ұялы телефоныңызға жалдаудың аяқталғаны туралы SMS/Push хабарлама келеді. Пайдаланудың аяқталғанын тексеру үшін, панельдегі «ОК» түймесін басып көріңіздұрыс тұрақта бастапқы мәзір шығады,ал  кез-келген басқа хабарламалар жалға алу аяқталмағанын білдіреді.

 

Жалға беру орнынан велосипедті қалай алуға болады?

  1. Велосипедті таңдаңыз;
  2. Оның ақаулары жоқ екеніне көз жеткізіңіз (дөңгелек, орындық, педаль және т.б);
  3. Дисплейдегі «ОК» батырмасын басыңыз;
  4. «ID» батырмасын таңдап, сізге берілген ID мен PIN енгізіңіз, соңында «ОК» батырмасын басыңыз;
  5. «Старт удался, счастливого пути!» деген жазба мен дыбыс сигналын күтіңіз;
  6. Велосипедтің рулінен ұстап, оны өзіңізге қарай тартыңыз, велосипедті 30 секунд ішінде алу керек;
  7. Жалға алу басталды!

 

Велосипедті тұраққа қалай қайтару керек?

  1. Велосипедті жалға беру орындарындағы бос жерді таңдаңыз;
  2. Велосипедті Диапазонға тірелгенге дейін итеріңіз;
  3. Дисплейден «Возврат. ОК. До свидания» деген жазба мен дыбыс сигналын күтіңіз;
  4. Велосипед панеліндегі «ОК» батырмасын басыңыз;
  5. Жалға алудың аяқталғаны туралы ұялы телефоныңызға SMS/Push-хабарлама келуін күтіңіз.

 

Дүкен, дәріхана және т.б жерге кіріп-шығу үшін сапарды тоқтату қажет болған жағдайда не істеу керек?

Ол үшін велосипедті уақытша тұраққа қою қажет:

  1. Рульдің сол тұтқасындағы батырманы басыңыз және рульдің оң тұтқасынан кірістірілген тросты тартыңыз;
  2. Онымен құрылымға (тірек, қоршау, қоршау) бекітіңіз және тростың екінші ұшын рульдің астындағы жақтаудағы арнайы кабельдік тесікке салыңыз;
  3. Велосипедтің панелінде «ОК» таңдаңыз;
  4. PIN енгізіп, «ОК» батырмасын басыңыз;
  5. Дыбыс сигналы мен велосипед панеліндегі «Велосипед заблокирован» хабарламасын күтіңіз.

Есіңізде болсын! Велосипедті уақытша тұраққа қойған кезде жалға беру аяқталмайды, яғни пайдалану уақыты есептеле береді.

 

Велосипедті уақытша тұрақтан қалай шығаруға болады?

  1. Велосипедтің панеліндегі «ОК» батырмасын басыңыз;
  2. PIN енгізіп, «OK» батырмасын таңдаңыз;
  3. Панельде «Велосипед разблокирован» деген жазу мен дыбыс шығады;
  4. Тросты ажыратып, велосипед рулінің оң тұтқасына қайта салыңыз;
  5. Жалға беру жалғасуда!

 

ID арқылы басқа қалада велосипедті пайдалана аламын ба?

Қазіргі уақытта басқа қалада велосипед жалдау мүмкін емес.

 

Велосипедті өткізген кезде тақтада «Извините не доступен» жазуы шығады. Ол не?

Бұл интернет желісінің ақаулықтары туындаған жағдайда пайда болуы мүмкін. Ең жақын жалдау орнына баруыңызды сұраймыз.

 

Велосипедті алған жерге қайтаруым керек пе?

Жоқ, велосипед кез-келген жалдау орнындарындағы бос орынға қойылады. Егер жалға алу орнында бос жер болмаса, онда басқа жалдау орнына баруыңыз керек. Велосипедті жалға алу орнына орнатпай, тастап кетуге болмайды. Өйткені жүйе жалға алу аяқталмағанын көрсетеді және абонементтік төлем алуын жалғастырады.

 

Жалға алу уақыты қалай бақыланады? Төлемге ұсынылған сомамен келіспесем және оның дұрыстығын қайдан тексере аламын?

Әр пайдаланушы өзінің жүру уақытын https://velobike.kz  сайтындағы жеке кабинетінен тексере алады. Төлемге ұсынылған сомамен келіспеген жағдайда, Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекен-жайы бойынша CTS орталық кассасына хабарласуыңызды сұраймыз.