13 мамырдан бастап жаңа велосипед маусымы ашылады!

Достар!

13 мамырдан бастап жаңа велосипед маусымы ашылады!

Велосипедті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Бірінші кезеңде пайдаланушылар үшін 50 велостансаға 200 велосипед қойылады. Маусым айына дейін 155 стансада 700 велосипед орнатылады.

Сонымен қатар 13 мамырдан бастап www.velobike.kz және City Transportation Systems кассаларында абоненттер қолжетімді болады.
Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда қосымша ақпаратты жариялаймыз.