Елордалық велосипедшілер 1 млн шақырымнан астам жолды жүріп өтті

Веломаусым басталғаннан бері (2021 жылғы 15 сәуір) елордалық «Astana Bike» велошерингінің пайдаланушылары 1 млн километрден астам жолды жүріп өтті. Олардың бірі маусым ішінде 4 600 км жүріп өтті.

Қалада барлығы 154 велостанцияда 900 велосипед орнатылған.

Елордада алғаш рет велошеринг жүйесі 2014 жылы іске қосылды, ал соңғы 2 маусымда велосипед жалдаудың танымалдығы айтарлықтай өсті.

Бүгінгі таңда велошеринг қызметін пайдаланушылар 9 мың адамды құрады және 10 мың абонемент сатып алынды.

Тұрақты түрде CTS велостанциялардың оңтайлы орналасуын талдау үшін пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізеді.

Биылғы жылы велопрокат пайдаланушыларына ыңғайлы болу үшін 17 велостанция орналасқан жерін өзгертті. Велостанциялардың орналасу өзгерістерімен www.velobike.kz сайтта танысуға болады.

Велошеринг қызметін 16 жасқа толған тұлғалар пайдалана алады. www.velobike.kz сайтында жүйеде онлайн-тіркелу рәсімінен кейін велошеринг қызметін пайдалануға болады.

Велопрокат абонементтері www.velobike.kz сайтында және «City Transportation Systems» кассаларында қолжетімді. Велосипедтерді жалға беру жүйесі 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Велопрокат бойынша абонементтің үш түрі бар:

айлық – 2 500 тг;

тоқсандық - 6 000 тг;

маусымдық - 10 000 тг.

Велосипедпен жүру 30 минутқа дейін тегін. Лимиттен асып кеткен жағдайда сапар құны төлемнің уақыт бойынша бөлігін ескере отырып есептеледі:

- 0-ден 30 минутқа дейін - абонемент құнына қосылған;

- 31-ден 60-қа дейін - 100 теңге;

- 61-ден 120-ға дейін - 250 теңге;

- 121-ден 180-ге дейін - 500 теңге;

- 181-ден бастап және әр келесі сағатқа - 1 000 теңге.

Веломаусым кезінде велобайкты тұрақтамайтын жосықсыз пайдаланушылар оны станциялардың жанында немесе тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінде қалдыратын оқиғалар орын алады. Нәтижесінде мұның бәрі теріс теңгерімге әкеледі. Мұндай әрекеттер қарыздың пайда болуына әкеліп соғады, ал қарыз сомасы сот тәртібімен өндіріп алынады. City Transportation Systems компаниясы велошеринг пайдаланушыларын ортақ игіліктерді сақтауға және велосипедтерді тек мақсаты бойынша пайдалануға шақырады. Велосипедтерге ұқыпты қараудың арқасында олар ұзақ уақытқа жұмыс жасайды.

Велобайктар сынбау үшін келесі әрекеттерді жасауға тыйым салынады:

- жолаушыларды тасымалдауға;

- ауыр жүк тасымалдауға;

- басқа адамға беруге;

- жол жиектеріне, құдықтарға соғуға;

- құлатуға;

- балаларға және 16 жасқа толмағандарға беруге;

- тұрған велосипедтің педалін айналдыруға.