Astana Bike белсенді пайдаланушылары марапатталды

Astana Bike белсенді пайдаланушылары марапатталды

nagrajdenie

Astana Bike әлеуметтік-инновациялық жобасының маусымы 1 қараша күні аяқталды.
Маусым нәтижесі бойынша 3 ең белсенді пайдаланушы анықталды, деп хабарлайды today.kz Астана қаласы әкімдігінің сілтемесі бойынша.
«Ұзақ қашықтықты игерген пайдаланушы» номинациясында Әбішев Дархан марапатталды. Ол велосипедпен 1094 км жүріп өткен. Уақыт бойынша «Жүйені ұзақ пайдаланғаны үшін» Шевченко Павел марапатталды, оның көрсеткіші 96 сағат 42 минут.
Арман Шарипов жиі пайдалану көрсеткіші бойынша жеңімпаз атанды. Оның ол жалға алу жүйесін 538 рет пайдаланған.
Жеңімпаздарға спорттық жабдықтар мен теңгерімді толықтыруға арнайы ссертификаттар тапсырылды.
2015 жылы Astana Bike жобасының вело маусымы 15 сәуірден 1 қарашаға дейін созылды. Осы уақыт барысында пайдаланушылар саны 1666 адамды құрады, оның ішінде 154 адам СМС арқылы жобаны пайдаланған. Жүйені пайдалану саны 87 130 рет, жалпы ұзақтығы - 1 395 450 минут, қашықтығы - 178 410 км құрады. Сайтта тіркелген пайдаланушылар саны 1372 адамды құрады. Жаңа вело маусым Астанада 2016 жылдың мамыр айында ашылатын болады.

Жасалған күні: 2015-11-19